«Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» факультативтік курсын оқыту әдістемесі мен практикасы бойынша оқыту семинары

Семинардың мақсаты:

  • педагогтерді «Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» факультативтік курсын жүргізуге дайындау.

Семинардың міндеттері:

  • педагогтерді факультативтік курстың бағдарламасы және тақырыптық жоспарымен таныстыру;

  • білім беруде ЖИ қолданудың құқықтық, этикалық және қауіпсіз тәсілдерін қарастыру;

  • ЖИ-сабағының құрылымын және негізгі әдістемелік қағидаттарын түсіндіру;

  • факультативте қолданылатын негізгі ЖИ-құралдарымен жұмыс істеуді үйрету.

Форматы: асинхронды, қашықтан
Қатысушылар: Информатика/АКТ пәндерінің оқытушылары
Көлемі: 16 сағат

Семинарға тіркелу және жазылу мерзімі: 03.12.2025 ж. дейін (қоса алғанда).

Өткізу мерзімдері:

  • 1-ағын: 2025 ж. 8–14 желтоқсан

  • 2-ағын: 2025 ж. 15–21 желтоқсан

  • 3-ағын: 2025 ж. 22–28 желтоқсан

Орташа өту ұзақтығы: 2–3 күн.

Нәтиже: электрондық сертификат беру.